«Талантымен танылған тұлға» атты әдеби кеш

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 19 қыркүйегі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Талантымен танылған тұлға» атты әдеби кеш өтті.

     Мақсаты: Тобық Жармағамбетовтың шығармаларының көркемдік ерекшелігін, тәрбиелік мәнін түсіндіру, жастарға насихаттау. Жастардың әдебиетке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
   Кешке қатысқандар: Ақтөбе облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының халық шығармашылығы және кітапханалар жұмысы бөлімінің бас маманы - Демешова Назимат Бекқазықызы; Жазушы Тобық Жармағамбетовтың қарындастары - Әсем мен Тілектес; ардагер журналист - Кәдірбай Бекмағамбетов; Т.Жармағамбетовтың ұстазы - Ниетжан Беріков ; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры - Калдина Гүлжайнар Нәренқызы . Облыстық мәдениет және өнер қызметкерлері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері; №24 лингвистикалық мектеп гимназиясы мен №36 орта мектебінің оқушылары, кітапханашылар.
    Іс-шараны Ақтөбе облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының халық шығармашылығы және кітапханалар жұмысы бөлімінің бас маманы Демешова Назимат Бекқазықызы ашты. Шараға қонақ ретінде келген жазушының қарындасы Әсем мен Тілектес Жармағамбетовалар жастармен, кітапхана оқырмандарымен Тобық Жармағамбетов туралы естеліктерімен ой бөлісті. Оқушылар көптеген сұрақтар қойып, қызықты әңгімелер естіді. Сонымен қатар сөзін Е.Ашықбаевтың, әнін Орал-Қосай Бәйсеңгір жазған «Тобық аға» әнін тыңдады. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы қонақтарға жылы лебіздерін айтып, сый-сияпат берді.
    Іс-шарада «Табиғатымен тамырлас талант» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге жазушының шығармалары және ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Тобық туындыларындағы қанатты сөздерден көрме жасақталды. Тақырыпқа сай слайд пен бейнебаян тамашалады.

Обновлено 25.10.2019 10:46