С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына дербес ғимарат беріліп, кітапхана жаңа мекен - жайға қоныс аударды. Үстіміздегі жылдың 23 қаңтар күні сағат 16.00 де кітапхана орналасқан ғимараттың салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Бұл ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына және кітапхананың 35 жылдығына орайластырып, облыс әкімдігі тарапынан, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен халықтың игілігі үшін беріліп отырған мәдениет ошағы.