2021 жылдың 14 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде «Ақ қауырсын» клубының мүшелерімен бірге «Сағи жыры санамызда тұр сайрап» атты Сағи оқуларын ұйымдастырды.
Мақсаты: С.Жиенбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастардың қазақ поэзиясына, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сағи өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.







2021 жылдың 13 мамыры күні сағат 12.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ZOOM платформасында Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс» атты халықаралық конференция өткізді.
2021 жылдың 30 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ресей федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілділігі төрайымы»Таикешева Сәуле Савхозоқызымен «Бірлік – байлығымыз, тұрақтылық - тұғырымыз» атты этно-мәдени бірлестіктермен кездесу кешін өткізді.
2021 жылдың 13 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Отбасы күніне» орай @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде Шалқар ауданының үлгілі отбасы Орынбасаровтар әулетімен «Менің отбасым – менің байлығым» атты сыр-сұхбат өткізді.

