С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 9 қазан күні сағат 16.00 де Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім - инновация» лицей-интернатында Бір ел – бір кітап акция аясында «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия сағатын өткізді.
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, жастарды, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.







2017 жылдың 9 қазанында сағат 14.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе Заң колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәңгілік елдің жастары» атты зияткерлік сайыс өкізді.
27 қыркүйек күні сағат 15.00 де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Туған жер» республикалық форум аясында «Сағи ақынның сырласы» атты Сағи Жиенбаевтың жары Өзипа апаймен кездесу кеші өтті.
2017 жылдың 2 қазанында сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында жазушы М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов –ғасыр перзенті» атты әдеби кеш өткізді.
2017 жылдың 13 қыркүйегінде С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен Ақтөбе облысы білім басқармасының «Ақтөбе-дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесе 6-11 кластар арасында Халықаралық «Ясауйтану» білім байқауының облыстық кезеңін өткізді.

