2016 жылдың 4 мамыр күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның алдындағы алаңда жастар мен жасөспірімдер арасында «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты флешмоб ұйымдастырды.
Мақсаты: жастардың бойына елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу. Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі екендігін ұғындырып, қадір қасиетін түсіндіру.







2016 жылы 22 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай №15 бағыттағы автобуста «Оқитын автобус» акциясын ұйымдастырды.



