«Тұғыры биік - Тәуелсіздік»

E-mail Печать PDF

«Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында өткен «Тұғыры биік –Тәуелсіздік» атты үш күндік кітап фестивалін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қорытындылады.

       Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылына орай ұйымдастырылған мерекелік іс шараны «Ербақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жастарды отаншыл болуға, кітап оқуға шақырды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жанынан ашылған «Гүлдер-Айым» би ансамблі мың бұрала би билеп, «Асыл ай» тобы «Тәуелсіз елім», «Туған ел» әндерімен кештің сәнін келтірді.Мерекелік кеш барысында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы өлкеміздің мәдени-рухани дамуына ерекше үлес қосып, көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатырған бір топ мәдениет және өнер қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Обновлено 21.12.2021 12:38 Подробнее...
 

«Назарбаев оқулары»

E-mail Печать PDF

 

        2021 жылдың 30  қарашасы күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББО мектебінде «Назарбаев оқуларын» өткізді.

        Мақсаты: оқушыларға ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру, оның ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Обновлено 08.12.2021 09:55 Подробнее...
 

«Қолөнерден сыр ұққан шеберлер»

E-mail Печать PDF

       2021 жылдың 12 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қолөнерден сыр ұққан шеберлер» атты дөңгелек үстел өткізді.

       Мақсаты: Қазақтың қолөнерін насихаттау. Қолөнер шеберлері білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін ояту арқылы эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Обновлено 08.12.2021 09:52 Подробнее...
 

«Жыр жазсам, жұртым елеңдестің»

E-mail Печать PDF


      2021 жылдың 19 қарашасы күні сағат 16.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №36 орта мектебінде «Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Амантай Өтегеновтің шығармаларына арнап «Жыр жазсам, жұртым елеңдестің» атты танымдық сағатын өткізді.

       Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас жеткіншектерге ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттау, көркем әдебиетті, поэзияны сүюге баулу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Обновлено 08.12.2021 09:54 Подробнее...
 

«Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты IV-аймақтық кітапханашылар конференциясы

E-mail Печать PDF

 

2021 жылдың 29 қазаны күні сағат 10.00-де   Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама   басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы   облыстық жасөспірімдер кітапханасының   ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және   «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің   кітап оқуын қолдау» жылы аясында және кітапхана   саласындағы жұмыс түрлерінің жаңа үлгілерін, тың   идеялары мен үздік жобаларын ортаға салып, ой бөлісу, іс-   тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар мен   ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Жастар   кітапханасы – жаңашылдық аймағы»атты IV-аймақтық   кітапханашылар конференциясын өткізді.

Обновлено 08.12.2021 09:32 Подробнее...
 


Страница 1 из 55

Сайтта отырғандар

Сейчас 29 гостей онлайн