Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Кітапхана процесстертерін автоматтандыру бөлімі

Кітапхана процесстерін автоматтандыру бөлімі
Бөлім кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізумен, кітапхананың web-ресурстарын, электрондық өнімдер каталогын, тақырыптық электрондық базаны құрумен, толықтырумен, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңартумен, оны қолдаумен айналысады. Заманауи бағдарламаларды орнатады. Бұл бөлімде пайдаланушылар интернеттің ең қызықты ресурстарымен тегін танысады, ақпарат іздеуді жүзеге асырады, интерактивті интернет-қызметтерді, мерзімді басылымдарды және ақпараттық-құқықтық дерекқорларды, құжаттарды e-mail және басқа да Компьютерлік қызметтер бойынша жеткізуді пайдаланады. Оқырмандарға интернет-технологиялар арқылы қызмет көрсетіледі. Бөлімде ақпаратты электронды каталогтардан іздеу, баспа, электронды және аудио-ақпараттарды көшіру үшін жағдайлар жасалған.
Кітапхана сайтынан оқырмандар (aktobeoub.kz) Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының ұлттық электрондық сайтында (www.kazneb.kz), Қазақстан Республикасының кітапханашылар қауымдастығы (www..nabrk.kz) Қазақстан кітапханаларының сайттарынан қажетті ақпаратты көруге болады.
kkKZ