Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Наурыз- жыл басы» мерекелік кеш

2024 жылдың 20 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық спорт күніне» орай «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты: Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кеш барысында ұлттық спорт түрлері көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу және тоғызқұмалақ пен асық ату туралы мәлімет айтылды. Сонымен бірге Қ.Жұбанов атындағы АӨУ жоғары колледжінің студенттері ұлттық ойындарға байланысты сұрақ-жауап ойынын ойнатып, асық ату мен арқан тартыстан бақ сынасты. Өнерлі жастар әннен шашу шашып, би билеп, қазақтың қара домбырасымен күмбірлете күй тартты.  

Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС