Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ана – өмірдің шырағы»

2024 жылдың 7 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шырағы» атты мерекелік шара өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген аналарымызға құрмет көрсету. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Мереке қарсаңында кітапхана ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап, ақ жау­лық­ты аналарға мықты денсаулық, ба­қыт пен шаттық тіледі. Ардақты ардагер аналарымыз өздерінің естеліктерімен бөлісіп, қызықты әңгіме өрбіді. Аналарымызға арнап Әкімжан Бейбітшілікұлы жүректі тербетер ана туралы әнін шырқады. Сонымен қатар кітапхананың ер азаматтары кітапхананың нәзік жанды аруларын мерекесімен құттықтады.

«Ана – болашақтың демеушісі, ұрпағының бақыты» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС