Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы»

2024 жылдың 12 наурызы күні сағат 12.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №45 орта мектебінде ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы» атты әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармаларын насихаттау. Поэзия құдіретін түсіндіру, шығармашылыққа баулу.

Іс-шара барысында Әбділда Тәжібаевтың өмірбаяны, жастық шағы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ оқушылар ақынның «Жаңбыр», «Қазақстан», «Алматы»  сынды өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сергіту сәтінде оқушылармен «Ой сергіту» ойындарын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіті.

Шара аясында тақырыпқа сай  кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Аяжан Утепбергенова библиографиялық шолу жасады. Бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС