Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Шәкәрім оқулары»

2024 жылдың 1 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесе II республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды дана бабамыздың мұраларын танып, зерттеуге ынталандыру. Көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттыру.

Әділқазы алқасы: С.Бәйішев атындағы университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы – Төреханова Гүлжахан Маратқызы; Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы – Сағынбаева Қызғалдақ Қожахметқызы; Ақын, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы;

«Шәкәрім оқуларына» аудандық, қалалық мектептердің 5-8 класс оқушылары арасынан 35-ке жуық бала қатысуға ниет білдірді. Іріктеуден сүрінбей өткен, бас жүлде алған оқушы Асылжан Жетпісбай Астанада өтетін республикалық байқауға қатысады. Ал қалған қатысушы жүлдегерлерге дипломдар мен Алғыс хаттар берілді. Байқау аясында қатысушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының 10 өлеңін жатқа мәнерлеп айту ұсынылды. Сонымен қатар Әкімжан Сержан «Анадан алғаш туғанда» әнін айтса, ал Аида Сеитжан Ғ.Құрманғалиевтің «Сәлем» әнін орындады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС