Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

2024 жылдың 23 ақпаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған  мектеп-интернат колледжінде «Оқитын өлке» облыстық акция аясында қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби сағат өткізді.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және Бердібек Соқпақпаевтың шығармаларын насихаттау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Шара барысында кітапхана қызметкері Айғаным Бекжанқызы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Сергіту сәтінде оқушылармен «Банкомат», «Қол», «Интуиция» ойындарын ойнатты. Шараға белсене қатысқан оқушыларға сылықтар берілді.

Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге  Малика Акдавлетова библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС