Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мен іздеген бақ құсы»

2024 жылдың 23 ақпаны күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында, лирик ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мен іздеген бақ құсы» атты әдеби лирикалық кеш өткізді.

Мақсаты: өлкелік ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақындардың өлеңдеріне арнап жазылған әндермен таныстыру. Жерлес ақындарымыздың өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Шара аясында 5-6 класс оқушылары ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Сонымен қатар ақынның өмір жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, викториналық ойын ойнады.

Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Ақниет Көшербайқызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС