Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қыздар сұлу көрінер…»

2023 жылдың 7 сәуірі күні сағат 15.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында Аналар кеңесінің «Шолпы», «Сырғалым» қыздары клубының мүшелерімен «Қыздар сұлу көрінер…» атты тәлімдік-тәрбиелік кездесу өткізді.

Мақсаты: жасөспірім қыз балаларға тазалық, ұқыптылық туралы айта отырып, әдептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Кездесу кешінің қонақтары: Аналар кеңесінің төрайымы Жұмабике Қалиева, аналар кеңесінің мүшелері Гүлшат Бахтиярова, Шалқия Бақытжанова, Алмагүл Сарыбай.

Іс-шара республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Мәншүк Мұқанованың орындауындағы «Әдемі қыз» әсем әнімен басталды. Шара аясында Аналар кеңесінің мүшесі Шалқия Бақытжанова сөз алып, «қазіргі тәрбие мен бұрынғы тәрбиенің айырмашылығын, инабаттылық, имандылық, әдемілік, ұлттық тәрбие тағылымы» тақырыбында, ал Алмагүл Сарыбай «Қыз жауапкершілігі – ұрпақ өрбітеді, келешек келбетін қалыптастырады» тақырыбында әңгіме өрбітті. Кітапханамыздың қызметкері Әкімжан Бейбітшілікұлы «Қыздарға әсемдік жарасады» атты әнді шырқады. Сонымен қатар  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері Аружан Қонысбай, Нұрай Омарова, Ақерке Асанбаева, Шұғыла Нагамадинова өлең оқып, көрермендер «Шолпы», «Сырғалым» клубының бейнеролигін тамашалады.

Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Шараға №47 ЖББОМ оқушылар, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері, оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС