Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ірі әскери қолбасшы – Есет Көкіұлы»

2022 жылдың 17 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ZOOM платформасында әйгілі батыр Есет Көкіұлының туғанына 355 жыл толуына орай «Ірі әскери қолбасшы – Есет Көкіұлы» атты конференция өткізді.

Мақсаты: Тарихи тұлға Есет Көкіұлының батырлығын насихаттау және сол дәуірдің тарихымен өскелең ұрпақты таныстыру. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың патироттық рухын көтеру.

Конференцияға қатысқандар: Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – Абенов Даулет Құсайынұлы; Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы – Сүлейменова Гүлжанат Жалеловна; Қостанай облыстық А.Байтұрсынов атындағы университетінің профессоры – Исенов Өтеген Ихсанұлы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы; жас тарихшы оқытушылар мен облыстық, қалалық кітапхананың кітапханашылары, оқырмандар.

Конференцияда қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған, Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған Есет батырдың ерлігі жайында әңгіме өрбіді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Даулет Құсайынұлы тарихтың бір бөлігі Есет батыр бабамыздың өмірі мен ерлік жолы  туралы баяндады. Конференцияға қатысушылар Есет батырдың қазақ тариxындағы рөлі туралы тың деректерді келтіре отырып, өз ойлары мен ұсыныстарын айтты.

Шара барысында «Ел тірегі – ер Есет» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Гүлнұр Ергенқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай бейнебаян, слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС