Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Шәкәрімнің рухани мұрасы»

2023 жылдың 27 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №39 қазақ ЖББО мектебінде ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрімнің рухани мұрасы» атты Шәкәрім оқуларын өткізді.

Мақсаты: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту; Ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу.

Шарада мектептің 9 класс оқушылары Батырхан Нұржанұлы, Диана Арыстанбекова, Арсен Есендіков, Дильназ Мұқан, Парасат Байқадам, Ислам Кеңес, Али Байзулла Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» шығармасынан сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар Шәкәрімнің өлеңдерін Айша Жангелді, Камила Сарсенбаева, Сымбат Нұрланова, Дильнара Шамшархан, Әсем Құрманқұлова т.б. оқушылар мәнерлеп жатқа оқыды. Сондай-ақ оқушылармен бірге «Білім сандығы», «Білгеніңмен бөліс» атты қызықты ойындар ойналды.

 Шара барысында «Шәкәрімнің мұрасы – ұрпаққа аманат» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге «Қазақ айнасы» өлеңдер мен поэмалар жинағы қойылды. 1988 жылы жарыққа шыққан өлеңдері, дастандар, қара сөздер жинақталған шығармалар жинағы да көрмеде таныстырылып, 2021 жылы «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен басылып шыққан «Сыр сөз» атты жинағын оқырмандарға насихаттады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС