Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Адалдық пен әділдік»

2023 жылдың 3 қазаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында №73 ЖББО мектебінің оқушыларына «Адалдық пен әділдік» атты танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; Сыбайлас жемқорлық туралы материалдармен таныстыра отырып, адал өмір сүруге тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру

Танымдық сағаты барысында кітапханашы Аяжан Утепбергенова оқушыларға адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіріп өтті.  Оқушыларды сергіту мақсатында викториналық ойын ойнатып, адалдық, әділдік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сонымен қатар «Әділ сөйлеп, адал жүр» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне    парасаттылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін ақын-жазушылардың көркем шығармалары және мерзімдік басылым беттеріне жарияланған  мақалалар қойылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС