Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Құқықтық тәрбие отбасынан басталады»

2022 жылдың 17 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Құқықтық тәрбие отбасынан басталады» атты дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Мемлекетіміздің заңдарына бағына отырып, оны құрметтеп, жауапкершілік сезімдерін арттыруға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы – Үбішов Тимур Жұбанышұлы; «Дарын» мектебінің психолог маманы – Утепбергенова Жумагуль Амангельдиевна; №30 қазақ орта мектебінің құқық пәні мұғалімі – Ботакөз Сейілханқызы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспаірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы.

Дөңгелек үстел барысында жасөспірімдерге адам құқығы жөнінде толық мағұлмат берді.  Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы Тимур Жұбанышұлы: «Адам құқығы – адамзаттың басты игілігі және адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық» екенін түсіндіріп өтті. Жастар адамгершілік, адам өмірі мен құқығы туралы сұрақтарын қойып, өзара пікір алмастырды. Іс-шарада «мақалды жалғастыр» және құқықтық тәрбиеге арналған ойындар ойнатылды.

Шара барысында «Адам құқығы басты құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға №36 орта мектебі, №30 орта мектебінің оқушылары мен оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС