Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мен жазған алғашқы әңгіме»

2023 жылдың 13 сәуірі күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Мен жазған алғашқы әңгіме» атты Talk like өткізді.

Мақсаты: Оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

Шара ең әуелі  «Қаншалықты жиі кітап оқисыздар?», «Соңғы рет қандай шығарманы оқыдыңыздар?», «Әдеби жанрдың қандай түрін ұнатасыздар?» деген сауалдармен басталып, «Әдеби кейіпкерлер әлемі» атты ұяшықтар ойынымен жалғасын тапты. Сондай-ақ берілген сөздерге байланысты әңгіме құрап, өлеңдер оқылып, викториналық сұрақтар қойылды. Оқырмандар мен кітапханашылар өздерінің оқыған кітаптары туралы айтып, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында жаңа кітаптармен таныстырып, библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС