Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Көрнекті жазушы Төлен Әбдік»

2023 жылдың 28 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №2 ЖББО мектебінде «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында таңдалып алынған жазушы, драматург Төлен Әбдіктің туғанына 80 жыл толуына орай «Көрнекті жазушы Төлен Әбдік» атты әдеби сағат өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарға қаламгер Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау.

Шара барысында кітапханашы Айғаным Бекжанқызы жазушы жайында деректерге тоқталып өтті. Іс-шарада 7 класс оқушысы Аңсар Тұяқ «Балбырауын» күйін орындаса, Әйгерім Ораз «Қонақтар» монологын оқып берді. Сондай-ақ оқушылар «Дұрыс немесе бұрыс», «QR» ойынын ойнады. «QR» ойынында оқушылар тақтада берілген QR код арқылы логикалық сұрақтарға жауап беруі қажет. Шараға қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір білдірді. 

«Болмысы бөлек тұлға» тақырыбында көрме жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Жазушы Төлен Әбдік жайында бейнебаян тамашалады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС