Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Күміс көмей әнші – Роза Бағланова»

2022 жылдың 28 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қазақ мәдениеті мен өнерінің жарық жұлдызы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Күміс көмей әнші – Роза Бағланова» атты әдеби-музыкалық сағатын өткізді.

Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланованың өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру, насихаттау. Әндерін тындату арқылы жастарды өнерге баулу. Өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында кітапханашы Шырайлым Оралбайқызы әнші, қазақтың мақтанышы Роза Бағланова жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар үнтаспадан әншінің айтқан әндерін тыңдап, ол туралы бейнебаян тамашалады.

«Халықтың аяулы әншісі еді…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС