Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Құлашы кең қаламгер»

2024 жылдың 17 қаңтары күні сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы  республикамызға танымал, өлкелік жас жазушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Алты Құрлық», «Төрт Мұхит» хикаяттар жинағының және «Ырысты ыдыстар», «Ақылды көжектер», «Ұшақтар», «Қаһарман», «Үш Томпи», «Күшті көліктер» мультсериалдарының сценарий авторы «Құлашы кең қаламгер» атты Әлихан Жақсылықпен тұңғыш рет кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: жазушының шығармашылығын жастарға таныту, қазақ әдебиетін насихаттау.

Шараға ақын Жақсылық Айжанов, «Екі езу» әзіл-сықақ театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Құрманқұлов, Ақтөбе жоғары гуманитардық колледжінің студенттері, №36, №47 орта мектебінің және М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының  оқушылары мен оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жас қаламгер жақында Мемлекет басшысымен кездесіп, Алматы қаласы «AR» баспасында басылып шыққан «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» атты кітабының тұсау кесері өтетінін айтқан болатын.

Кеш барысында жастар жазушы Әлихан Жақсылықтың шығармашылығы, балалық шағы төңірегінде әңгімелесіп, туындыларымен танысты. Сонымен бірге кеш иесі Әлихан Жақсылық оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, қызықты әңгіме өрбіді. Кеш аясында Ислам Бақтыбай жазушының сөзіне жазылған «Алашым менің» әнін орындады. Сондай-ақ «Сауал мен жауап» ойыны ойнатылды.

Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы жазушы Әлихан Жақсылыққа ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС