Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ерлік ұлықталған ұлы күн»

2024 жылдың 12 ақпаны күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 30238 әскери бөлімімен бірлесе Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ерлік ұлықталған ұлы күн» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

Шараның мақсаты: Ауған ардагерлерінің ерлігін, патриоттық сезімін жастарға үлгі ету. Ардагерлерге құрмет көрсету.

Шара қонақтары: Бятов Ермиян Бисенғалиұлы – ҚР Құрлық Әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары полковник; Бибулатов Сергей Сергеевич – 30238 әскери бөлімінің гарнизон басшысы; Кубегенов Сапарбек Абдираманұлы – Ақтөбе облысы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы, Деменов Едіге Тоқтамысұлы, Айтбай Нұрлан Хұсейінұлы, Мурсалимов Ермекбай Жеткіншекович – Ауған соғысының ардагерлері  және сарбаздар, №47 ЖББО мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі мен оқушылары қатысты.

 Кеш барысында Ауғанстан жерінде от кешіп, әскери борышын өтеген бүгінгі ардагерлер жастарға сол бір сұрапыл шақта көрген әскери өмірін айта отырып, жастарды елжанды болуға шақыратын өнегелі әңгімелері мен естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар Облыстық шығармашылық орталығының әншісі Сейсен Айтжан «Ауған ардагерлері» әнін орындады. Жас сарбаздар ардагерлердің құрметіне патриоттық өлеңдер оқып, «Туған ел», «Атамекен» т.б. әндерді айтты. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы ауған ардагерлеріне жылы лебізін білдіріп, алғысын білдірді.

Шара аясында «Ауғанстан – жүректегі жара» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Азатгүл Жасұланқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай бейнебаян көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС