Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Айтылар естеліктер мен туралы»

2024 жылдың 9 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың туған күніне орай «Айтылар естеліктер мен туралы» атты әдеби жыр кеші өтті.

Мақсаты: ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру.

Шараға «Ай» әдеби-мәдени клубының жастары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, оқырмандар қатысты.

Кеш барысында «Ай» әдеби-мәдени клубының мүшелері мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері ақынның «Пай-пай өмір!», «Шыдамдылықты ұнатады өмір», «Бүгін менің туған күнім» т.с.с. өлеңдерін оқып, «Есіңе мені алғайсың», «Мен деп ойла», «Бақыт деген…» ақынның сөзіне жазылған әңдерді шырқады. Викториналық сұрақтар қойылып, бейнеролик тамашалады.

Шара аясында «Хан тәңірінің мұзбалағы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Толғанай Өміржанқызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС