Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ізгілік жолындағы Ізтай Мәмбетов»

2024 жылдың 22 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №33 қазақ орта мектебінде лирик ақын, журналист, аудармашы Ізтай Мәмбетовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ізгілік жолындағы Ізтай Мәмбетов» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: Ақын Ізтай Мәмбетовтің өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Оның өлеңдері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Шара барысында кітапхана қызметкері Малика Акдавлетова Ізтай Мәмбетовтың өмір мен шығармашылығымен таныстырып, мағлұмат беріп өтті. Әдеби кеште 8 «В» класс оқушылары ақынның «Мен туыппын ақпандатқан боранда», «Ізісм қалсын», «Табантал», «Жыр ағасы» өлеңдерін оқыды. Сергіту сәтінде «сұрақ-жауап» ойыны ойнатылды.

«Ізгілік жолындағы Шзтай Мәмбетов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламгердің шығармалары, баспасөз бетіне шыққан мақалалары қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС