Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Алғыс арқалаған аналар»

2024 жылдың 29 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Алғыс айту» күніне орай осы ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген аналарымызды шақырып «Алғыс арқалаған аналар» атты кездесу кешін өткізді.

  Мақсаты: ұмытылған дәстүрді жаңғыртып, қыздарымызға қазақтың кимешектерін, тақияларын, ұлттық нақыштағы қазақтың киімдерін насихаттау. Жас ұрпақтың бойына сіңіру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Шара қонақтары: Несібелі Сақтағанқызы – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының құрметті ардагері, жоғарғы санаттағы құлақ, мұрын дәрігері; Айжарықова Шәмсия Жакуқызы – Медицина саласының құрметті ардагері, жеке кәсіпкер; Балдыгарина Роза Баянқызы – кәсіби экскурсовод. Достық үйінің редакторы-методисі, өлкетанушы; Күлән Әбділдина – Елге сыйлы ұлттық тағам шебері; Утенова Ләтипа Каримовна – Педагогика саласының үздігі; Батырова Рабиға Хасенқызы – Педагог, ұстаз,тәрбиеші.

  Рухани шара аясында жиналған аналарымызды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекші маманы Дүйсенбаева Сандуғаш Байғұлқызы құттықтап, сөз сөйледі. «Дәстүрге жол» жобасы аясында өңірімізде белсене ат салысып жүрген ақ жаулықты аналарымыз Несібелі Сақтағанқызы, Айжарықова Шәмсия Жакуқызы, Балдыгарина Роза Баянқызы, Әбділдина Күлән, Утенова Ләтипа Каримовна, Батырова Рабиға Хасенқызын алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Аналар рухын көтерген ізгілікті шараны өлкенің өнерпаздары әдемі әнімен әрледі. Шараға келген аналарымыз ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңіру, тәрбие мен дәстүрді ұлықтау қашанда маңызды екенін айтып өтті.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС