Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

2024 жылдың 15 ақпаны күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №39 орта мектебінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты оқырман конференциясын өткізді.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және Бердібек Соқпақпаевтың шығармаларын насихаттау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

 Шара аясында кітапхана қызметкері Азатгүл Жасұланқызы жазушы туралы мәлімет беріп, Жұпар Талғатқызы, Жанерке Кемалбаева, Гүлфира Қалдығұл өлең оқыды. Сонымен қатар Аманжол Набижан, Мирас Қонсақов, Әмір Әлби, Дания Сағидулла т.б. оқушылар жазушының «Менің атым Қожа» шығармасынан көрініс қойды. «Сен білесің бе?» видеоролигі көрсетіліп, «Kahoot» ойынын ойнатты.

«Балалық шақтың шебер суреткері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС