Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«ҚР Халық қаһарманы – Р.Қошқарбаев»

2024 жылдың 20 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №2 ЖОББ мектеп-гимназиясында ҚР Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «ҚР Халық қаһарманы – Рақымжан Қошқарбаев» атты тарихи сағатын өткізді.

Мақсаты: Аты аңызға айналған Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін жасөспірімдерге үлгі ету. Патриоттықа тәрбиелеу.

Шара барысында оқушыларға Берлиндегі Рейхстаг баспалдақтарына көтерілген алғашқы батырлардың қатарында болған Рақымжан Қошқарбаевтың балалық пен жастық шағы, ерлік істері жөнінде мәлімет берілді. Сергіту сәтінде «Kahoot», «QWERTY», «Ой мен түйін» ойындары ойнатылды. Шара соңында 8 «А», 8 «Ә» класс оқушылары белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Тақырып аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне Толғанай Өміржанқызы библиографиялық шолу жасап, бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС