Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Діни экстремизмге жол жоқ!»

2023 жылдың 8 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының  теолог маманы Искаков Медет Нұрлыбекұлымен «Діни экстремизмге жол жоқ!» атты тақырыбында сұхбат өткізді.

Мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, мейірімділікке, патриотыққа тәрбиелеу.

Шара барысында  теолог маман Медет Нұрлыбекұлы ұлт құндылықтары мен дәстүрлі дін түсінігі, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар дін және мемлекет, зайырлылық ұғымы, рухани құндылықтар мен мәдениет, жат ағымдардан сақтану жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. 

«Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС