Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ақиқаттың жоқшысы»

2023 жылдың 5 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Ақиқаттың жоқшысы» атты әдеби-танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды насихаттау. Танымал жазушы Төлен Әбдіктің өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру.  

Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, еңбектері топтастырылған кітаптарға шолу жасалды. Сондай-ақ Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Аяжан Жолдымұратова Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасына тоқталып, оқырмандарға мазмұнын қызықты етіп айтып берді. Оқырмандар жазушының шығармаларының ерекшелігіне тоқталып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС