Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы»

2023 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ақпараттық сағаты өтті.

Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Тәуелсіздігімізге арналған ақпараттық сағат еліміздің мемлекеттік әнұранымен басталып, кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы сөз сөйледі. Іс-шара аясында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің “Мәдениет және саз бөлімі” студенттері Ислам Орынбасар мен Альмира Келербаева қазақтың қасиетті қара домбырасымен «Алаш аманаты»,  «Ерке сылқым» күйлерін тартты. Сонымен қатар Әсем Елдібай, Риза Еркешова желтоқсан, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды. Аяжан Жолдымұратқызы «Мен қазақпын» әнін орындады. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, егемен елдің даму белестері жөнінде айта кетті.

Тәуел­сіздігіміздің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын, сондай-ақ еліміздің жеткен же­тіс­тік­тері мен толағай табыстарын баяндайтын «Тәуелсіздік елімнің еркін жолы!» атты кітап көрмесіне Айзат Есенжолова библиографиялық шолу жасады. Тәуелсіздік жайында бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС