Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

 «Тахауидің сөнбес шырағы»

2023 жылдың 23 қарашасы күні 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тахауидің сөнбес шырағы» атты онлайн конференциясын өткізді.

Мақсаты: Тахауи Ахтановтың қызмет жолымен, шығармаларымен таныстыру және насихаттау.

Кеш қонақтары: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қос жұлдызы, Бақытжанов Мағзом Сафиұлы «Ерең еңбегі үшін» медалі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» және Бақытжанова Шалқия Ауғанбайқызы «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі».

Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов шығармаларын, өмір жолы туралы мағұлмат берді. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Кәсіби шығармашылық» факультетінің 3 курс студенті Қожабай Бекжан Елдосұлы қазақтың қара бомбырасымен «Адай» күйін тартты. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қос жұлдызы Мағзом Сафиұлы мен Шалқия Ауғанбайқызы: «Жазушының көркем драмасының ең маңызды тұсы деп  қандай дүниелерді айтар едіңіздер?», «Театрда Т.Ахтановтың қай шығармасын сахналау қиынға соқты?», «Т.Ахтанов шығармаларындағы кейіпкерлерге тоқтала кетсеңіздер. Қай кейіпкер өзіңізге жақын?» деген сынды сауалдарға жауап беріп, сахнада Т.Ахтанов шығармаларының насихатталуы жайында әңгіме өрбітті. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының оқырмандары Т.Ахтановтың «Әке мен бала» драмасынан үзінді көрсетіп, өлеңдер оқыды.

Шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Толғанай Өмірзаққызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС