Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Кітап – сөз маржаны, KITAPHANASHY – ой адамы»

2023 жылдың 23 қазаны күні сағат 16.00-де 24 қазан – кітапханашылар күніне орай «Кітап – сөз маржаны, KITAPHANASHY – ой адамы» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Іс-шара «Даналық дефельесімен» басталып, кітапхана қызметкерлері түрлі авторлар мен кейіпкерлердің образдарын алып шықты. Шараны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы ашып, кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Шараға  Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы, «Қазақстандық салалық мәдение, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Сәрсембайқызы Табельдинова, Ақын Нұрдәулет Қабасов және облыстық, аудындық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара аясында кітапхана саласын дамытуға қосқан үлестері үшін кітапханашыларды «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», мәдениет министрлігінің алғыс хаты мен облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Әкімжан Сержан мен Гүлнұр Ергенқызы, облыстық филармонияның әншілері ән айтты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС