Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Рух» кітабының тұсаукесері

2023 жылдың 23 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі Жақсылық Айжановтың «Рух» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталған шараға танымал ақын-жазушылар, қаламгерлер қатысып, Жақсылық Айжановтың еңбегі жайында ойларын ортаға салды. «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин қаламгердің кітабының тұсаукесерімен құттықтады. Кітаптың тұсау кесу рәсімін ақын, жазушы, публицист, «Адырна» әдеби журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы мен ақын Гүлімай Әбішқызы кесті. Шара барысында ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал Бәйсеңгір әсем ән айтты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС