Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлт саулығы – ұлы міндет»

2023 жылдың 12 қазаны күні 14.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Есет батыр атындағы спорт мектебінің спортшыларымен «Ұлт саулығы – ұлы міндет» атты сұхбат-кездесу өткізді.

Мақсаты: Жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, өлкеміздің спортшыларымен таныстыру.

Кеш қонақтары: Есет Батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының Грек-рим күресінен біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы оқытушы-жаттықтырушы Утепбергенов Нұртас Алтаевич; Бірінші санаттағы оқытушы-жаттықтырушы Итемгенов Руслан Темірбекұлы;  Есет Батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының үздік шәкірттері.

Кеш қонақтары өздері жайлы айта отырып, спорт жолына қалай келгенін, алғашқы жетістіктері мен спорттың ерекшеліктері, тәртіптері төңірегінде әңгіме өрбітті. Балалар спортшыларға көкейлерінде жүрген спорт саласы туралы сұрақтарын қойды. Сонымен біргесергіту сәті кезінде  кеш қонақтарына «Сұрақ-жауап» ойыны ойнатылып, Әкімжан Бейб3тш3л3к9лы әсем ән шырқады. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Малика Акдавлетова библиографиялық шолу жасады. Шараға №33 қазақ орта мектебі, №34 орта мектебі, №38 орта мектебінің оқушылары, оқырмандар, кітапханашылар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС