Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қыз мұңының құдыретін сезінген жазушы»

2023 жылдың 6 қазаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы сағат 11.00-де «Оқитын өлке» облыстық акция аясында жазушы Өтебай Канахиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Қыз мұңының құдыретін сезінген жазушы» атты әдеби кешін өткізді.

Мақсаты: өлкемізден шыққан жазушының шығармашылығын оқырмандарға жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 

Әдеби сағатының қонақтары: Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапхана меңгерушісі Ермекова Нұргүл Нұрдаулетқызы; ақын Калдина Гүлжайнар Нәренқызы; Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББО мектебінің кітапхана меңгерушісі Таласқалиева Венера Алпысқызы.

Шара барысында кітапханашы Азатгүл Жасұланқызы жазушы Өтебай Канахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған слайд, бейнебаян көрсетіп, мағұлмат берді. Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапхана меңгерушісі Ермекова Нұргүл Нұрдаулетқызы жазушының әдеби мұрасы туралы баяндама оқыды. Әдеби сағатқа қатысқан оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, пікір білдірді.

Кеш аясында жазушы Өтебай Канахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалып, библиографиялық шолу жүргізілді. Шараға мектеп кітапханашылары, оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС