Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Әдебиет және қаламгер»

2023 жылдың 28 қыркүйегі күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдеби форум аясында «Әдебиет және қаламгер» атты әдеби кездесу өтті.

Мақсаты: танымал сөз шеберлері мен жаңадан шығып келе жатқан ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау. Жас ұрпақты әдебиетті білуге, кітап оқуға баулу.

Кездесу кешінің қонақтары: Мырзан Кенжебай – белгілі ақын, көсемсөзші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Қасымхан Бегманов – ақын, Қазақстан жастар одағы және халықаралық алаш әдеби және тәуелсіз «Ильхам» сыйлықтарының лауреаты; Нұржан Қуантайұлы – ҚР Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары; Атантай Акбаров – қырғыз елінің ақыны; Ертай Ашықбаев – ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

Әдеби кездесу барысында ақын-жазушылар сөз сөйлеп, әдебиеттің рөлін, қазақ әдебиетін өркендету, қаламгерлерге, соның ішінде жастарға қолдау көрсету, т.б. мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салып, өлеңдер оқылды. Сонымен қатар ақын-жазушылар кітапхана базасында ашылған креативті орталықпен таныстырып,кітапханаға қорындағы сирек және құнды кітаптармен танысы, экскурсия жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС