Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«KITAP GAME» интеллектуалды ойын

2023 жылдың 15 қыркүйегі күні сағат 13.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жастар мен жасөспірімдерді «Kitap Time – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалінің аясында «KITAP GAME» атты интеллектуалды ойынын өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерді кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқырмандардың кітап оқу мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау.

 Іс-шара барысында соңғы шыққан әдебиеттермен қатар жергілікті қаламгерлердің туындыларынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Интеллектуалды ойынға қатысқан жастар 3 топқа бөлінді. Ойын барысында «Ұяшық», «Kahoot», «Мақал-мәтел»,  викториналық әдеби сұрақтар ойындарына оқушылар ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Шара соңында кітапхана директорының у.м.а. Алтынгүл Асқарқызы қорытындылап, белсенділік танытқан жеңімпаз оқырмандарға Дипломдар табыстап, естелікке сыйлықтар берді. Шараға қатысқан жастарға кітапхана базасындағы креативті орталығына экскурсия жасалып,  көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Іс-шараға қаламыздағы №39орта мектеп пен кітапхана оқырмандары  қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС