Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Алтайдың асыл жыршысы»

2023 жылдың 28 қыркүйегі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №4 ЖББ орта мектебінде жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай «Алтайдың асыл жыршысы» атты әдеби сағат өткізді.

Мақсаты: Жастарға жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығы арқылы тәрбие беру, әдеби өнердің құнды мұраларын насихаттау.

Шара барысында кітапхана қызметкері Азатгүл Жасұланқызы жазушы жайлы мол мағлұмат беріп, бейнефильм көрсетілді. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, өлеңдер оқыды.       №4 ЖББ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қойшыбаев Қайрат Жарасқанұлы сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді. Шара соңында қорытындылау мақсатында ойындар ойнатылды.

«Алтайдың асыл жыршысы» тақырыбында Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Гүлжан Ескендірқызы библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС