Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Абай әлемі» әдеби кеш

10 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай әлемі» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы болған Абай шығармаларын насихаттау.

Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Жастар ақынның шығармаларымен танысып, өлеңдерін оқыды. Викториналық сұрақтарға жауап берді. Әсем әндер орындалды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС