Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ел ертеңі-жастар» атты кездесу

10 тамыз күні «Ымырттағы кітапхана» аясында халықаралық Жастар күніне орай өлкеміздің белсенді жастары Жәнібек Санна және Зілтай Айданамен кездесу өтті.

Мақсаты: өлкеміздің өнер саласында елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жастарды таныту, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Жәнібек Санна облыстық халық шығармашылық орталығының әдіскері, жас әнші, «Идеал» жастар бірлестігінің жетекшісі, «Назерке» халық ансамбльінің хореографы. Зілтай Айдана Шоу балет «Ай –Меру» би ансамблінің жетекшісі.       

 Шара барысында әсерлі сұхбат өрбіп, қызықты ойындар ойнатылды. Қонақтар өнерлерін көрсетіп, би билеп, әсем әндер орындады. Шара соңында кітапхана басшысы келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Сонымен қатар кітапхананың белсенді жастарының еңбектерін бағалап, олардың ата-аналарына ризашылығын білдіріп алғыс хат жолдады. Өткізілген іс-шара #Ақтөбе жастары хэштегімен әлеуметтік желіге жарияланды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС