Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тағдырлы жазушы – Өтебай Канахин»

2023 жылдың 18 шілдесі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында  «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалып алынған жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай оқырмандармен «Тағдырлы жазушы – Өтебай Канахин» атты ойталқы өтті.

Мақсаты: «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалып алынған қаламгер Өтебай Канахиннің шығармашылығын насихаттау, талқылау.

Іс-шарада кітапхана қызметкері Динара Мырзабайқызы жазушының әдеби мұрасы туралы баяндады. Оқырмандар «Қарт сарбаз хикаясы» шығармасынан үзінді оқып, ой-пікірлерімен бөлісіп, талқыға салды. Шара барысында өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды және арнайы дайындалған слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС