Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мендегі үміт өзгеше» атты кездесу кеші

2023 жылдың 8 маусымы күні сағат 17.00-20.00 аралығында C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Мендегі үміт өзгеше» атты ақын, аудармашы, жазушы Абай Қалшабекпен кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: жазушының шығармашылығын жастарға таныту, қазақ әдебиетін насихаттау. Жастардың бос уақытын тиімді өткізу.

Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, қала жастары мен оқырмандар, шығармашылық академиясының, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында жастар ақын, аудармашы Абай Батырұлының жеке шығармашылығы, балалық шағы және қазақ, шетел әдебиеті, аудармалары төңірегінде әңгімелесіп, туындыларымен танысты. Сонымен бірге Шығармашылық академиясының қызметкері, әнші Кулманова Нұрзат Арыстанқызы домбырамен ән айтып, жастар өлеңдер оқыды. Кеш иесі Абай Батырұлы оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, қызықты әңгіме өрбіді. Жастармен «Әдеби лабиринт», «Логикалық бокс», «Жауап бер» интеллектуалды ойындар ойнатылды.

Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы ақын, аудармашы, жазушы Абай Қалшабекке ризашылығын білдіріп, алғысын білдірді.

«Таланттар туған топырақ», «Даламның ізі дара даналары», «Жастарға ақпараттық технологиялар», «Сағи Жиенбаев қазақ поэзиясы әлемінде» тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Лаура Ерікқызы, Гүлнұр Ергенқызы көрмеге библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС