Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Шархан Қазығұлмен кездесу кеші

2023 жылдың 7 маусымы күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жазушы-публицист, «Мecenat.kz» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты, «Күлпет» романының авторы Шархан Қазығұлмен кездесу кешін өткізді.

Мақсаты:  жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру. Жазушының шығармашылығымен таныстыру.

Кездесу кеші барысында жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» атты жаңа кітабымен танысты. Сонымен бірге қаламгердің шығармашылығы, жастық шағы туралы әңгіме өрбіп, «Күлпет» кітабы туралы жүргізушінің әр сауалына әсерлі ойлармен жауап берді. Кездесу кешіне келген көрермендер сырлы сұқбатты ерекше ықыласпен тыңдады.

Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС