Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«КІТАП ФЕСТИВАЛІ – 2023»

2023 жылдың 1 маусым күні сағат 20.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «КІТАП ФЕСТИВАЛІ – 2023» атты кітап фестивалін өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарды, жастарды кітапқа жақындату, кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Іс-шараға Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, облыстық, қалалық кітапханалар, «Жеті өнер» шығармашылық орталығының өнерпаздары, «Шығыс спорт түрлері бойынша облыстық  балалар жасөспірімдер спорт мектебінің балалары, мектеп оқушылары қатысты.

Мерекелік шара кітапханашылардың «Бақыт деген…» атты әдеби-мюзиклмен басталып, ары қарай арнайы концерттік бағдарламаға ұласты.  №46 орта мектептің оқушысы Сауран Құрманиязов «Ассалаумағалейкум» әнін орындап, №36 мектеп оқушысы Айша Қобылан би биледі. Сондай-ақ балалардың салған суреттері мен шеберлердің қолдарынан жасалған бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Шараға қатысушы өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.  «Поэзия патшалығы» алаңында кітап инсталляциялары, зейінді дамытуға арналған пазлдар, интеллектуалды ойындары өткізіліп, «Шығармашылық шыңы» алаңында қаламыздағы қолөнер шеберлерінің еңбектері және сурет көрмелері жасақталады. «Поп-корн мен топ кітап» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС