Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Дін мен дәстүр егіз ұғым»

2023 жылдың 22 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Дін мен дәстүр егіз ұғым» атты ақпараттық сағаты өтті.

Мақсаты: діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру; 

Шараға «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұстазы Кәрім Еламан, Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теолог мамандары Жандос Мирманов пен Жұлдыз Қадырханова қатысып, кітапхана қызметкерлеріне дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны туралы, сондай-ақ дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет екенін түсіндіріпөтті. Кітапхана ұжымына дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайында ақпарат беріп, сауалдарына жауап берді. Кітапхана қызметкерлері өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС