Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қанахинмен қайта қауышқанда»

2023 жылдың 12 мамыры күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе педагогикалық колледжінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, майдангер жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай, «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында «Қанахинмен қайта қауышқанда» атты қазақша подкаст өткізді.

Мақсаты: жазушы Өтебай Қанахиннің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұту, балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.

Шара барысында жасөспірімдер кеңестік және қазақ жазушысы Өтебай Қанахиннің шығармашылығымен танысып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнежазбалар мен слайдтар көрсетілді. Сондай-ақ қызықты викториналық ойын ойнатылды.

 Шара соңында колледж студенттеріне «Халқы сүйген қаламгер» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Жазушының шығармаларына жеке тоқталып, таныстырылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС