Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қазақтың қарапайым Қайнары»

2023 жылдың 27 сәуірі күні сағат 17.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында елімізге танымал өлкелік жас ақын Қайнар Алагөзөвпен «Қазақтың қарапайым қайнары» атты кездесу кешін өткізеді.

Мақсаты: Елімізге танымал өлкелік жас ақынның шығармасын жастарға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шараны кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы жүргізді. Кеште ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ақынның өлеңдерімен рухани сусындап қайтты. Қайнар Алагөзөв пен кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы айтыстан үзінді көрсетті. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақынның өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Сонымен қатар қызықты «Алло», «Қызықты әңгіме», «Шырағың сөнбесін» ойындары ойнатылды. Кеште жастар сұрақтар қойды. «Досқа адал болу дегенді қалай түсінесіз?», «Бос уақытыңыз бола ма, қалай өткісез?» деген сынды сауалдарға шынайы жауап берді. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенті Бекжан Елдосұлы Қазанғаптың «Ақ желең», Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйін орындап, Аружан Қонысбай, Бекнұр Матығұлов, Ақнұр Дауылбаева өлеңдер оқыды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы ақынның шығармашылығына ерекше табыс тілеп, тілегін жаудырды. Сый-сияпатын тапсырып, құрмет көрсетті. Кешке мектеп оқушылары, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, АГК студенттері мен оқытушылар, кітапханашылар қауымы қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС