Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Әдебиет – жастар әлемінде»

2023 жылдың 21 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай KITAP SHOW-2023 аясында «Әдебиет – жастар әлемінде» атты әдеби батл өткізді.

Мақсаты: Жастардың әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру.

Шара аясында кітапханашы Азатгүл Жасұланқызы кітап тарихына шолу жасап, кітаптың қасиетін, ең бастысы кітапты сүю керек екенін жеткізе білді. Колледж студенттері Салимжан Менешев, Таңшолпан Махамбетова, Нұрсейт Жалғасбаев, Артур Сарсембаев, Шадман Бақытжанов өлкелік ақындардың өлеңдерін оқыды. Ердаулет Рисбаев «Ерке сылқым» күйін орындады. Сонымен бірге «Ақыл-батл», «Бұл кім?» викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Ақындар жырлаған туған өлке» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көптеген тың кітаптармен таныстырып, бейнеролик тамашалады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС