Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Әбілқайыр хан тағылымы»

2023 жылдың 18 сәуірі күні сағат 11.30-да С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №47 ЖББО мектебімен бірлесе Әбілқайыр ханның 335 жылдығына орай «Әбілқайыр хан тағылымы» атты ғылыми-конференция өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелей отырып, кітап оқуға шақыру.

Шара барысында №47 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Ербатыр Қанатұлы, кітапханашы Ардақ Құрманалина сөз сөйлеп, кіші жүз ханы, қолбасшы, батыр Әбілқайыр хан жайында мағұлматтар берді. Сонымен бірге мектеп оқушылары Аружан Амантай, Айкөркем Кеңес Әбілқайыр хан туралы баяндамалар оқыды. Жасөспірімдер ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап берді.

«Қазақтың бас ханы – Әбілқайыр» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Лаура Ерікқызы көрмеге библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС